Атырау, 6 желтоқсан 21:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда Балықшылар күні аталып өтеді

477 рет қаралды
Сурет "АЖ" архивінен

Атырауда 11-12 шілде күндері Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар атқарылады. Кәсіби мереке елімізде шілде айының екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Атырау қаласы әкімдігі мен Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен өтетін мерекелік бағдарламаға көрші өңірлерден келген қонақтар да қатысады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі. 

11 шілде, жұма күні 

  • Сағат 18:30-да Сұлтан Бейбарыс алаңында жергілікті балық өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі ашылады. Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген кәсіпорындар жаңа ауланған балық, филе, ысталған, тұздалған және қақталған балық түрлерінен 27 түрлі өнім ұсынады.
  • Сағат 19:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында өңірдегі балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің салтанатты шеруі өтеді. Оған Атырау облыстық ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығы, Атырау бекіре зауыты мен басқа да ұйым өкілдері қатысады.
  • Сағат 19:30-да алаңға қарама-қарсы Жайық өзенінде 30-ға жуық өзен және теңіз кемелерінің парады өтеді.
  • Сағат 20:30-да сол маңда Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балық шабақтарын жіберу рәсімі ұйымдастырылады. Бұл шара табиғатты қорғау және экожүйені қалпына келтіру мақсатында өткізіледі.
  • Кешкі сағат 21:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында мерекелік концерт өтеді.

12 шілде, сенбі күні 

  • Сағат 09:00-де Жилгородок мөлтек ауданындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде мини-футболдан турнир өтеді. Жарысқа 15 әуесқой команда қатысады. Олардың қатарында Жайық-Каспий инспекциясы, Атырау бекіре зауыты және балық шаруашылығымен айналысатын ұйымдар бар.
  • Сағат 10:00-де Дамбы ауылы маңындағы «Үш арал» жерінде әуесқой балық аулау жарысы басталады. Бұл жарыс табиғатпен үндестік табуға мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын насихаттайды.
  • Сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін екі жерде — «Мұнайшы» стадионының автотұрағы және «Сарайшық» базарында балық және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Ауқымды бағдарлама арқылы Атырау облысы балықшылардың еңбегін кең көлемде атап өтпек. Бұл іс-шаралар саланың маңыздылығын арттырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

10 шілде, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.