Атырау, 23 желтоқсан 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құлсарыда үй салынғанда құрылыс талабы бұзылғаны анықталды

498 рет қаралды
Сурет: Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

Жылыой ауданы прокуратурасы мен Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру нәтижесінде Құлсары қаласының Болашақ ықшамауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс барысында жол берілген өрескел кемшіліктерді анықтады.

"Ауданы 100 м² типтік тұрғын үйлердің құрылысы" нысаны бірден бірнеше мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырылуда. Тексеру барысында тиісті құрылыс бақылауының болмауы, сондай-ақ құрылыс нормалары мен талаптарының бұзылу фактілері анықталды.

Құрылыс барысында бұзушылықтар жібергені үшін Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мекемелер:

  • "Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысы;
  • мердігер мекемелер: «ABC Limited» ЖШС, «Армандастар-Атырау» ЖШС, «Орлан» ЖШС, «Казкомсервис» ЖШС, «Құрылыс 18» ЖШС, «Ару Ази» ЖШС, «Бақтығали С» ЖШС, «Атырау Эксперт проект» ЖШС), 
  • техникалық қадағалаушы - «ZAF-Стройсервис» ЖШС-гі, 
  • авторлық қадағалаушы - «Etalon Project Group» ЖШС-гі.
10 шілде, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.