Атырау, 6 желтоқсан 21:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысы ерікті қоныс аудару ​бағдарламасы аясында 90 адамды қабылдады

433 рет қаралды

Биылғы жыл басынан бергі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам, оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп келді. 

Осындай мәліметті 2025 жлғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтіріп отыр. 

Барлық қоныс аударушыға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарланған. 

Өңірлер бойынша: Павлодар облысына – 672 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам, Қостанай облысына – 330 адам, Ақмола облысына – 215 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам, Абай облысына – 145 адам, Атырау облысына – 90 адам, Ұлытау облысына – 4 адам қоныс аударды.

Қандастарымыз негізінен Өзбекстаннан – 396 адам, Моңғолиядан – 310 адам, ҚХР – 286 адам, Ресейден – 52 адам, басқа елдерден – 47 адам келген.

Еңбекке қабілетті жастағы 790 адамның ішінен 374 адам жұмысқа орналастырылды, 10 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Олар көбіне денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру, өнеркәсіп және т.б. салалар бойынша жұмысқа орналасты.

Қоныс аударудың өміріндегі оң өзгеріс болғанын атап өткен Тамара Айнаддинованың ізгілікке толы оқиғасы – сөзімізге дәйек. Ол  Жамбыл облысынан Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылына 2022 жылы көшіп келген. Қоныс аударуға арналған облыстық квотаға енгізілгеннен кейін көшіп-қону үшін қаржылай көмек, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауға ие болды. Тамара М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Қазір баласына күтім жасау үшін декреттік демалыста.

- Көшуге шешім қабылдағанымызға, қоныс аударушыларға жұмыс тауып беруге көмектесетін, алғашқы қаржылық көмек көрсететін мемлекеттен бағдарлама барына өте қуаныштымын. Мен осы жерде отбасын құрдым, – дейді ол.

Бұдан басқа, өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге тұрғын үймен қамтамасыз етілген және кемінде 2 жыл мерзімге тұрақты жұмысқа қабылданған әрбір қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде жұмысқа орналасуға біржолғы субсидия беріледі.

10 шілде, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.