Атырау, 6 желтоқсан 21:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

10 шілдеден бастап Атырау– Индер тас жолының бір бөлігі жабылады

478 рет қаралды

2025 жылғы 10 шілдеден бастап Атырау қаласының аумағындағы Атырау – Индер бағытындағы автожолдың бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл шектеу жол жабынын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.

Жөндеуге байланысты жабылатын жол бөлігі арнайы картада белгіленген.

Атырау қаласының әкімдігі тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жүргізушілерге кептелістер мен кідірістердің алдын алу үшін балама бағыттарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Сондай-ақ, құрылыс аймағы маңында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

9 шілде, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.