Атырау, 6 желтоқсан 21:17
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда мал базарының артынан қан аралас сұйықтықтар төгілген құдық табылды

707 рет қаралды
Сурет: 2gis

Атырауда қаланың солтүстік өндірістік аймағында орналасқан «Адал» мал базарының арт жағынан күтпеген көрініс — үйіліп жатқан терілер, түрлі қалдықтар және жерасты құбыры арқылы қан аралас сұйықтық төгілген құдық анықталды.

Экология департаменті 16 маусымда әлеуметтік желілерді мониторинг жасау кезінде «қолдан жасалған» бұл заңсыз ағын жайлы мәліметті анықтаған. Тексеру нәтижесінде барлық биологиялық және тұрмыстық қалдықтар тікелей базар аумағынан төгілгені белгілі болды. Шамасы, қасапханада сойылған малдың қаны болу керек, құбыр арқылы аумақтан тыс қазылған шұңқырға ағызылған.

Экология департаменті тиісті органдарға шара қабылдау туралы хат жолдады.

Ресми ақпарат бойынша, бүгінде аумақ тазартылған — терілер мен басқа да қалдықтар алынған. Ал жер асты төгіндісіне қатысты жағдай не болары әлі белгісіз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

9 шілде, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.