
Соңғы жылдары елімізде шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан әйелдер мен шетелден қалыңдық әкелген ер адамдардың саны артқаны айтылып жүр. Атап айтқанда, Атырау облысында, әсіресе облыс орталығы — Атырау қаласында жергілікті қыз-келіншектердің шетел азаматтарына тұрмысқа шығуы жиілегені туралы пікірлер жиі естілуде. Осы мәселеге нақты жауап алу үшін біз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан азаматтары мен шетел азаматтары арасындағы аралас некелер санына қатысты ресми сауал жолдаған едік.
Соңғы бес жылдағы статистикаға жүгінсек, Атырауда шетелдік әйелдерге үйленген ер адамдардың саны шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан әйелдерге қарағанда көбірек екені байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша, осы уақыт аралығында атыраулық 269 қыз шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан. 2020 жылы — 43 неке, 2021 және 2022 жылдары — 53 некеден тіркелген. 2023 жылы — 63 неке, ал 2024 жылы — 47 аралас отбасы құрылған. Ал биылғы жылдың алғашқы алты айында 12 аралас неке тіркелген. Өткен жылы көрсеткіш төмендегенімен, биыл жыл әлі аяқталмағандықтан нақты қорытынды жасау ерте. Сондықтан Атырауда шетелдіктерге тұрмысқа шығатын қыздар азайып жатыр деп айту әзірге негізсіз.
Ресми деректерге сүйенсек, соңғы жылдары республикада шетелдік қыздарға үйленетін ер азаматтардың саны артқан. Мұндай жағдай Атырау облысында да тіркелгені ресми түрде расталған. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, соңғы бес жылдан астам уақыт ішінде 381 атыраулық ер адам шетелдік әйелдермен некеге тұрған. Атап айтқанда, 2020 жылы – 64, 2021 жылы – 84, 2022 жылы – 69, 2023 жылы – 70, 2024 жылы – 74 неке тіркелсе, осы жылдың алғашқы алты айында – 20 аралас неке рәсімделген.
Соңғы бес жылдағы статистикадан бөлек, біз шетелдік жұбайлардың азаматтығына қатысты ақпаратты да сұрадық. Яғни, осы кезеңде Атырау қаласы мен облысы бойынша қанша қазақстандық әйел шетелдік ер азаматқа тұрмысқа шықты және керісінше, қанша қазақстандық ер адам шетелдік әйелмен отбасын құрды деген сұрақтарға жауап алуға тырыстық.
Біздің ресми сауалымызға жауап ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары Дастан Жарлықасымов 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аралас некелерге қатысты ресми деректерді ұсынды.
Өзбекстаннан Ресейге дейін: атыраулықтар кімдерге үйленеді?
Ресми мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жарым жылда Атырау облысында 381 ер адам шетелдік әйелге үйленсе, 269 әйел шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан.
Шетелдік әйелдерге үйлену де, шетелдік азаматтарға тұрмысқа шығу да көбіне Өзбекстан мен Ресей азаматтарымен байланысты. Алайда бұл ресми статистика нақты жағдайды толық көрсете алмайды, себебі некесін заңды түрде тіркемеген жұптардың саны белгісіз. Осыған байланысты аралас некелердің нақты саны ресми деректерден әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Соңғы бес жылдағы ресми статистиканы қарастырайық:
Шетелдік әйелге үйленген 381 ер адамның арасында:
-
2020 жылы – 64 неке тіркелген,
-
2021 жылы – 84,
-
2022 жылы – 69,
-
2023 жылы – 70,
-
2024 жылы – 74,
-
2025 жылдың алғашқы алты айында – 20 неке.
Атыраулық әйелдер кімді таңдайды: шетелдік азаматтармен неке географиясы
Ресми деректерге сәйкес, соңғы бес жарым жыл ішінде Атырау облысында 269 әйел шетелдік азаматтарға тұрмысқа шыққан. Өзбекстан мен Ресей азаматтарымен ең көп неке тіркелген. Бұл үрдіс әлі де жалғасуда, дегенмен 2024 жылы аздап төмендегені байқалған. Алайда ресми статистика нақты көріністі толығымен көрсете алмайды, себебі заңды түрде тіркелмеген некелер саны белгісіз.
Жылдар бойынша аралас некелер статистикасы:
2020 жыл – 13 елдің азаматтарымен 43 неке тіркелген:
-
Ресеймен – 13,
-
Өзбекстанмен – 8,
-
Түркия және Ұлыбританиямен – әрқайсысы 4 некеден,
-
Әзербайжан мен Италиямен – әрқайсысы 3,
-
Нигериямен – 2,
-
Германия, Грузия, Ливан, Жаңа Зеландия, Тәжікстан және Украинамен – әрқайсысы 1 некеден.
2021 жыл – 53 неке тіркелген:
-
Өзбекстан азаматтарымен – 13,
-
Ресеймен – 12,
-
Түркия, Ұлыбритания, Грузия және азаматтығы жоқ ер адамдармен – әрқайсысы 3 некеден,
-
Әзербайжан және Украинамен – әрқайсысы 2,
-
Германия, Мысыр, Иордания, Ирландия, Италия, Моңғолия, Нигерия, Нидерланд, Пәкістан, Польша, АҚШ және Түрікменстанмен – әрқайсысы 1 неке. Халықаралық одақтардың географиясы айтарлықтай кеңейген.
2022 жыл – 53 неке тіркелген:
-
Өзбекстанмен – 16,
-
Ресеймен – 12,
-
Түркиямен – 8,
-
Ұлыбританиямен – 3,
-
Әзербайжан, Италия және Тәжікстанмен – әрқайсысы 2,
-
Армения, Канада, Нигерия, АҚШ, Украина, Франция, ОАР және азаматтығы жоқ бір ер адаммен – әрқайсысы 1 неке.
2023 жыл – 61 неке тіркелген:
-
Өзбекстан азаматтарымен – 21,
-
Ресеймен – 13,
-
Түркиямен – 6,
-
Әзербайжанмен – 4,
-
Ұлыбритания, Германия, Италия және АҚШ азаматтарымен – әрқайсысы 2,
-
Грузия, Израиль, Ирландия, Ливан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Франция және Оңтүстік Кореямен – әрқайсысы 1 неке.
2024 жыл – 47 неке тіркелген:
-
Өзбекстанмен – 22,
-
Түркиямен – 7,
-
Ресеймен – 6,
-
Әзербайжанмен – 4,
-
Австралия, Бельгия, Венгрия, Польша, Румыния, Франция, Оңтүстік Корея және азаматтығы жоқ 1 адаммен – әрқайсысы 1 неке.
2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы аралас некелер саны азайғанымен, шетел азаматтарының географиясы әлі де ауқымды.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы — 12 неке:
-
Ресей азаматтарымен – 4,
-
Әзербайжан азаматтарымен – 3,
-
Түрік және өзбек азаматтарымен – әрқайсысы 2,
-
Азаматтығы жоқ ер адаммен – 1.
Жылдың толық қорытындысы әлі жасалмағандықтан, шетелдік жұбайларға қызығушылық деңгейінің төмендегенін айту ертерек.
Анықтама үшін: 2024 жылы Атырау облысында 4012 неке тіркелген, оның 121-і аралас неке. 2025 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін – 864 неке, оның 32-і аралас.
Шетелдік жұбайлардың арасында бірінші орында – Өзбекстан азаматтары, екінші орында – Ресей азаматтары. Мамандар бұл жағдайды аймақтағы миграциялық ағындармен және еңбек миграциясымен байланыстырады.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау -1