Үндістан парламентінің жоғары палатасы кедейшілікке ұшыраған халықтың 67 пайызын, бұл шамамен 800 млн адамды арзан азық-түлікпен қамтамасыз ететін заңды қабылдады. Бұл жөнінде ресейдің РБК агенттігі хабарлайды.
«Үндістанның президенті қол қоюы тиіс заң жобасы жыл сайын 62 млн тонна азық-түлік сатып алуды қарастырады. Заң жобасын елдің билік париясы ұсынған. 26 тамыз күні оны парламенттің төменгі палатасы мақұлдады. Заң жобасы инвесторлар тарапынан сынға іліккен. Олардың айтуынша, 20 млрд доллар тұратын азық-түлік сатып алу бюджетіне кері әсерін тигізуі мүмкін», - делінген хабарламада.
Дереккөз: bnews.kz