
Қызылқоға ауданында тұрғындарды жаңа баспанамен қамту соңғы үш жылда жолға қойылды. Десек те қазірдің өзінде аудан бойынша 829 адам үй кезегін күтіп отыр.
2024 жылы аудандық құрылыс бөлімі арқылы 1 млрд 360 млн теңгеге 80 үй сатып алынып берілді. Оның ішінде тапсырылып пайдалануға берілгені:
- Миялы - 40,
- Сағыз - 22,
- Жангелдин - 5,
- Ойыл - 7,
- Мұқыр - 2,
- Көздіғара - 2,
- Тасшағыл округінде - 2 үй.
Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып, 2025 жылы 130 тұрғын жаңа баспанаға қол жеткізді. Оның ішінді NSOS компаниясының демеушілігімен аудан орталығы-Миялы ауылында салынып пайдалануға берілген 3 қабатты 60 пәтерлік бір үй бар. Тек аудан орталығы ғана емес, ауылдарда да жаңа баспаналар бой көтерді. Салынып пайдалануға берілген жалдамалы үйлер:
- Сағыз - 22,
- Жангелдин - 5,
- Ойыл - 4,
- Мұқыр - 2,
- Тасшағыл - 2,
- Көздіғара округінде - 2.
- Үй кезегінде тұрғандарды жаңа баспанамен қамту жолға қойылған. Осы кезге дейін дейін тұрғындар тарапынан жаңа баспананың сапасы жөнінен арыз-шағымдар үй сатушы тарапынан кепілдік мерзімге сай қалыпқа келтірілуде. Ал баспана күтімі тұрғындардың өз міндетіне кіреді. Берілген баспаналар 100 жылға жалға берілуде, баланста бізде. Әрбір үй 100 шаршы метрден кем емес. Үйдің құрылымы мен төбе жабындысына қатысты кепілдік мерзімі 5 жыл, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерсағын ҚҰМАРОВ.
Сонымен бірге биыл ауданда 100 шаршы метрден жоғары болатын 70 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Және аудан орталығында 3 қабатты 60 үйдің құрылысын жүргізу жоспарда тұрған көрінеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -1