Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Макрон Украинаға қолдау білдіретіні жөнінде​ мәлімдеді

310 рет қаралды
Сурет: REUTERS

Франция президенті Эмманюэль Макрон Ұлыбритания парламентінде сөйлеген сөзінде Еуропаның Украинадан ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Korrespondent.net

Ол өз мәлімдемесінде бұл соғыстың тек Украинаға ғана емес, бүкіл Еуропа қауіпсіздігі мен ортақ құндылықтарына қатысты екенін атап өтті.

«Біз соңғы минутқа дейін күресеміз. Бейбіт келіссөздер басталып, тұрақты әрі берік бейбітшілік орнауы үшін әрекет етеміз. Өйткені Украинадағы жағдай — біздің қауіпсіздігіміз бен қағидаттарымызға тікелей байланысты», — деді ол.

Макрон Еуропа елдері соңғы жылдары Украинаны қолдап, оның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресіне жан-жақты көмек көрсетіп келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, Украинадағы соғыс — Еуропа құрлығында ондаған жылдар бойы орнаған бейбіт өмір мен тұрақтылықтың тағдыры шешілетін майдан.

Айта кетейік, АҚШ Қорғаныс министрлігі президент Дональд Трамптың бұйрығымен Украинаға қосымша қорғаныс қаруын жіберетінін хабарлады. Сонымен қатар Axios басылымы АҚШ украин әскеріне қажетті қаруларды жолдағанын мәлімдеді.

9 шілде, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.