
4 шілдеде АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқынынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 109-ға жетті, ал Керр округінде 161 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, деп хабарлайды АА.
Бұл туралы Техас губернаторы Грег Эбботт баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Ол іздестіру жұмыстары барлық жоғалғандар табылғанша жалғасатынын атап өтті.
Су тасқыны Керр округіндегі Гуадалупе өзенінің арнасынан шығуына себеп болған нөсер жауыннан кейін басталған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Керр округін төтенше жағдай аймағы деп жариялады.
Сонымен қатар, жергілікті республикашыл билік Ұлттық метеоқызметті апат жөнінде дер кезінде және нақты ескерту жасамады деп айыптап, мұны Трамп әкімшілігі жүргізген үнемдеу саясатымен байланыстырып отыр.
В Атырау +4