Атырау, 6 желтоқсан 21:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда өндіріске жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды

285 рет қаралды
Өңірлік коммуникация түсірген видеодан скриншот

Атырау облысында өндірісті дамыту, өңірлік өнім көлемін ұлғайту және жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Атырау өнімі» атты жаңа өңірлік бағдарлама іске қосылды. 

Бағдарлама аясында тек Атырау және Құлсары қалаларында тіркелген кәсіпкерлерге жылдық 7% жеңілдік мөлшерлемемен 70 миллион теңгеге дейін несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Қаржыландыру жаңа өндіріс орындарын ашуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіптерді кеңейтуге бағытталады.

— Бағдарлама Атырау облысы әкімінің қолдауымен іске асырылуда. Оның аясында өңір кәсіпкерлерін қаржыландыру және демеу мақсатында жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді. Қазір бұл қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы шағын және орта бизнесті несиелендіру бағытында игерілуде. Бағдарлама шеңберінде құжаттар қабылдау жұмыстары жүргізілуде, - деді облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының м.а. Нұрдәулет Жұмаситов.

Кәсіпкерлер толық ақпарат пен кеңесті Атырау облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан немесе «Аграрлық несие корпорациясының» аймақтық филиалынан ала алады.

9 шілде, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.