Атырау, 8 қазан 20:52
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Ширыққан тариф

2 262 просмотра

28 тамызда «Атырау-Жарық» АҚ басшылығы журналистерді 2013 жылдың инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерімен таныстырды.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРАД) «Атырау-Жарық» АҚ-на тарифтерді 4 пайызға көтеруге рұқсат берген еді. Бұл тарифтер 2013-2015 жылдарға бекітілген және оған инвестициялық бағдарлама шығындары енгізілген. Оның құны, атап айтқанда, үстіміздегі жылы 1,75 млрд теңгені құрайды. Мұның бәрі 2008 жылы басталған «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда.

Осындай жаңғырту облыстағы басқа энергетика алыбы – Атырау ЖЭО-да жүргізілуде. Өткен жылдың аяғында ЖЭО қуаттылығы 215 мегаватт (МВт), ал биылғы жылдың 1 қаңтарында 314 МВт құрады. Қайта жарақтаудың екінші кезеңі жүзеге асырылғаннан кейін 2013-2015 жылдары бұл «қозғалтқышты» 499 МВт-қа дейін қуаттандырмақ.

- Біз Атырау ЖЭО-дағы электр қуаттылығының артуына байланысты өз тораптарымызды қайта жарақтауға мәжбүрміз, - деп мәлімдеді журналистерге «Атырау-Жарық» вице-президенті АҚ Серік ТҰРДАЛИЕВ. Оның айтуынша, қазір 6 төмендеткіш трансформаторлық пункттерді (ТП) қайта жарақтау жүргізіліп жатыр екен. Мұндай пункттер ықшам аудандардың ішіне орнатылады, олардың міндеті – ток кернеуін 6000-нан 400 вольтқа дейін азайту. Журналистер Әуезов көшесі, №63 үйдің ауласында орнатылған осындай пункттердің бірін көріп қайтты.

-Қайта жарақтау нәтижесінде осы ТП қуаттылығы екі есеге көбейді, - деп түсінік берді С.Тұрдалиев. – Объект көппәтерлі 6 үйге, жылу қосынына және кәріз стансасына қызмет көрсетеді. Жаңа абоненттерді қосу үшін мүмкіндіктер бар. Жаңбыр мен еріген қар суы баспас үшін ТП іргетасы бір метрден астам биіктікке жоғарылатылған. Құрылыс құны 24 млн теңгені құрады.

Водников  поселкесінде әскери бөлімшенің жанында орналасқан «Асфальт-бетон зауыты» №8 қосалқы стансасының құрылысына 400 млн теңге жұмсалған.

Қала маңындағы Құрсай, Курилкин, Ширина, Тасқала поселкелеріне қызмет көрсететін нысанның міндеті - ЖЭО-нан берілетін электр тогының кернеуін 35 мыңнан 6 мың вольтқа дейін азайту.

- «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы әлі жалғасын таба ма?

- Бізде «Асфальт-бетон зауыты» №8 қосалқы стансасына ұқсайтын тағы екі қосалқы станса мүшкіл халде қалып отыр. Бұлар - «КСКД» және «Левобережная» қосалқы стансалары. Алайда қайта жарақтауды қажет ететін нысандардың тізімін бекітуді ТМРАД шешеді, - деп жауап берді Тұрдалиев.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

3 қыркүйек 2013, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.