Атырау, 6 желтоқсан 21:16
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда шетелдіктердің тұру ережесін бұзған 83 жағдай анықталды

408 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау қаласында көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарына қатысты кешенді тексеріс нәтижесінде 27 адам елден мәжбүрлі түрде шығарылды.

Қалалық полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімі шетел азаматтарының елімізде заңды түрде болуын қадағалау мақсатында тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастырып келеді. Бұл жолы да сот шешіміне бағынбай жүрген шетелдіктер анықталып, тұрғылықты мекенжайларынан табылды.

Жалпы тексеру барысында 150-ден астам шетел азаматы қаралып, олардың 83-іне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517 және 518-баптары бойынша хаттама толтырылды.

Ішкі істер органдары өкілдері көші-қон заңнамасын сақтау бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын хабарлады.

8 шілде, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.