
Украина әскери барлау қызметі (ГУР) Ресей Армениядағы Гюмри қаласындағы 102-ші әскери базасына қосымша күштер тартып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Евронью́с.
Мәліметтерге сүйенсек, Ресей Оңтүстік әскери округінің басшылығы бірнеше армиядан (8, 18, 49, 58) білікті әскери қызметкерлерді іріктеп, бұл базаға шұғыл түрде орналастыруды бұйырған.
Құжатта кәсіби дайындық, психологиялық тұрақтылық пен әскери қабілетке талап қойылған. Есірткімен айналысқандардың қызметке алынуына тыйым салынған.
Армения бұл айыптауларды жоққа шығарғанымен, Украина тарабы мұны Ресейдің Оңтүстік Кавказдағы ықпалын күшейту және жаһандық тұрақтылықты әлсірету стратегиясы деп сипаттайды. Сондай-ақ, Мәскеудің Әзербайжанмен қарым-қатынасты әдейі ушықтырғаны айтылған.
Неліктен Гюмри маңызды?
Гюмри — Армениядағы Түркия шекарасына жақын орналасқан қала. 1990-жылдары мұнда Ресей мен Армения бірлесіп әскери база құрған. Базада 5000-ға дейін әскер, МиГ-29 ұшақтары мен С-300 кешендері бар.
Бірақ 2023 жылы Әзербайжан Қарабақты біржақты әскери операциямен қайтарып алған кезде Ресей бұл қақтығысқа араласпады. Ал 2024 жылы Армения ҰҚШҰ құрамындағы қатысуын тоқтатты.
Қазір Армения Түркия және Әзербайжанмен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысып отыр. Ел премьері Никол Пашинян ресейлік базаның пайдасы аз екенін айтып, сыртқы саясат бағытында Мәскеуден алыстауда.
В Атырау +4