
Атырау өңірінде дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша биыл 251 студент оқуын аяқтаса, олардың ішінде 49 түлек облыс әкімінің гранты негізінде білім алып, спорт саласының жас маманы атанды.
Диплом табыстау салтанатына Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықов қатысып, жас мамандарға сәттілік тіледі.
- 85 жылдық тарихы бар Атырау университетінде тәжірибелі жаттықтырушылар мен сала мамандары спорт саласында жастардың білімін тереңдетуге атсалысып келеді. Барлық түлектерді өз спорт түрлері бойынша жаттықтырушылық қызмет атқаруға шақырамын, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, грант иегерлері Атырау облысының спорт мекемелеріне жұмысқа орналасып, өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға үлес қоспақ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -1