
Атырауда Нұрсая ықшамауданында 1200 орындық концертзалы бар тарихи өлкетану музейі құрылысы биыл басталады деп жоспарлануда.
Бұл туралы бүгін брифингте Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді. Басқарма басшысының сөзінше қазіргі таңда жаңа нысанның құжаттары дайын, мемлекеттік сраптаманың оң қорытындысын алынған.
- Құжаттары құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын. Қазіргі кезде қаражат көзі нақтылануда. Жоспар бойынша құрылысы биыл басталады, — деді басқарма басшысы.
Жаңа мәдени кешен Атыраудың туристік және мәдени инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек. Музей мен концерт залы бір кешенде орналасады деп жоспарланып отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау -1