Атырау, 15 қаңтар 01:14
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​Қарағанды облысында жылу электрстансасында экология талаптары бұзылғаны анықталды

462 рет қаралды
Сурет: Kazakhmys.kz

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы өңірдегі экологиялық жағдайды бақылау барысында «ГРЭС Топар» ЖШС тарапынан заң бұзушылықтарды анықтады.

Топар кентінде жүргізілген тексеру барысында кәсіпорынның суару және күл үйінділерінің учаскелерін кезең-кезеңмен құрғату кезінде экологиялық талаптарды сақтамауы салдарынан ауаның шамадан тыс шаңдануы тіркелді.

Қарағанды облысының Экология департаментіне «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 26-бабына сәйкес тексеру жүргізу туралы талап жолданды.

Экология департаменті жүргізген тексеру заң бұзушылық фактілерін растады.

  • Күл үйіндісін рекультивациялау қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жүргізілгені,
  • Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілгені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша «ГРЭС Топар» ЖШС-ға 55 миллион теңге айыппұл салынды.

8 шілде 2025, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.