
Атырауда кішкентай жаяу жүргіншілерге қатысты екі бірдей жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиғалардың екеуі де көпқабатты үйлердің аулаларында орын алып, балалар ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне жеткізілді.
Бірінші оқиға 1 шілде күні сағат 18:30 шамасында болды. 47 жастағы Kia Sorento автокөлігінің жүргізушісі 2 жасар баланы қағып кетті. Бала ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.
Екінші жағдай 3 шілде күні сағат 18:50-де тіркелді. Lada Granta көлігін жүргізіп келе жатқан 29 жастағы азамат 5 жасар баланы қағып кеткен. Бұл бала да ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізілді.
– Екі оқиға бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады «АЖ» тілшісіне Атырау облыстық полиция департаменті.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +4