
Атырау облысының Индер ауданында полиция қызметкерлері 16 келі қарасора өсірген тұрғынды анықтады. Бұл ақпарат Polisia.kz сайтында жарияланды.
Индер аудандық полиция бөлімі мен Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде, есірткі өсірумен айналысқан аудан тұрғыны ұсталды. Тінту барысында оның үйінен 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1-тармақшасына және ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді.
В Атырау +4