
Атырауда “Interceptor” бақылау жүйесі 1,9 млн. теңге көлемінде айыппұл тіркелген көлікті анықтады.
Toyota Camry маркалы автокөлігі қала көшелерінің бірінде анықталды. Көлік иесі – 32 жастағы қала тұрғыны.
Құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушінің 38 мәрте жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны белгілі болды. Ол «Interceptor» жүйесі арқылы тіркеліп, бұл дерек жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама түрінде берілген.
Көлік жол бойында тоқтатылып, арнаулы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта жүргізушіге қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданып жатыр.
Айта кетейік, “Interceptor” жүйесі — бұл арнайы бейнебақылау мен талдау құрылғылары арқылы айыппұлы бар немесе іздеуде жүрген көліктерді автоматты түрде анықтайтын интеллектуалды жүйе. Ол полицияның әрекетін жеделдетіп, жолдағы құқықбұзушылықты азайтуға көмектеседі.
В Атырау +1