Атырау, 14 қаңтар 23:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Екі оқушының суициді: мектепте не дейді? ​

1 080 рет қаралды

Атырау облысының Геолог ауылында екі күннің ішінде қайғылы жағдай болды — екі мектеп оқушысы өз өмірлерімен қоштасты. Екеуі де бір қалалық мектепте оқыған. «Ақ Жайық» тілшісі білім беру мекемесінің әкімшілігімен хабарласқан еді.

Мектеп директоры Айғаным Махметованың айтуынша, марқұмдардың бірі — жақында 9-сыныпты тәмамдаған оқушы. Ол жақында аттестат алып, оқуын жалғастыруды жоспарлаған.

— Өте мейірімді, жарқын жүзді еді. Көпбалалы отбасындағы үшінші бала. Әрдайым ата-анасының қасында жүретін, үлкендерді құрметтейтін, ортада белсенді еді. Ережені бұзбайтын, үнемі күлімсіреп жүретін, — деп еске алады директор.

Екінші құрбан — 10-сынып оқушысы, мектептің үздік оқушылардың бірі болған қыз бала.

— Үздік оқушы, қоғамдық шараларға белсене қатысатын, көпбалалы отбасының қызы. Өте мақсатшыл, жауапкершілігі жоғары, мейірімді еді. Себебін білмейміз, бірақ бұл бүкіл мектеп үшін үлкен қайғы. Өте өкінішті — олар білімді, мейірімді балалар еді, — дейді директор.

Оқушылар жазғы демалыста еді. Дегенмен, мұғалімдердің айтуынша, оқу жылы барысында мектепте суицидтің алдын алу шаралары: сынып сағаттары, психологтармен әңгімелер, ата-аналар жиналысы жүйелі түрде өткізіліп отырған.

Айгүл Мансурова

4 шілде 2025, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.