
«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына Рашид Агиюев, Бас директордың қаржы және экономика жөніндегі орынбасары болып Жігер Жөкебаев тағайындалды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Кадрлық өзгерістер компанияның басқару командасын нығайтуға бағытталған.
Рашид Агиюев 1970 жылы дүниеге келген. Қазақ Политехникалық институты мен Ш.Есенов атындағы Ақтау техникалық университеттерінде «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1992 жылы «Мангышлак нефть» өндірістік бірлестігінде бұрғышы көмекшісі болып бастап, «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-да мұнай өндіру операторы, шебер, жетекші инженер-технолог, цех басшысының орынбасары, цех басшысы, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, «Матин» БК» ЖШС, «Матен Петролиум» АҚ, «АнсаганПетролиум» ЖШС, «ТриасМұнайГаз» ЖШС, «Green Production» ЖШС-де басшылық қызметтер атқарған.
Жігер Жөкебаев 1982 жылы туған. Әкімшілік басқару мамандығы бойынша КИМЭП университетінің түлегі.
Қызметін 2004 жылы «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС-де аудит бөлімінің маманы болып бастаған. Кейін «КПМГ Аудит» ЖШС-де, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-да бөлім басшысы, «KMG EP-Catering» ЖШС-де және «ТКжҰҚКБ»-да (УТТиОС) Бас директор орынбасары, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да департамент директоры қызметін атқарды.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің мұнай өндіру және мұнай сервисі активтері басқармасының басшысы болып еңбек етті.
В Атырау +4