Атырау, 7 желтоқсан 08:55
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атыраулық жеткіншектер халықаралық сахнаны бағындырды

513 рет қаралды

Бакуде сегіз елден үш мыңнан астам қатысушы жиналған «Khazar Folk – 2025» халықаралық фестиваль-байқауы өз мәресіне жетті.

Солардың ішінен Атыраудағы «Жібек жолы» шығармашылық орталығының шәкірттері үздік шықты.

– Біз қазақ және татар билерін биледік. Қиын болды, бірақ бәрін сәтті орындадық, – дейді қатысушылардың бірі  Назым Нұрланқызы.

Ұжым барлығы сегіз хореографиялық қойылым ұсынды. Оған 4 пен 12 жас аралығындағы 50 бала қатысты. «Мерекелік чак-чак» биімен ерекше көзге түскен өнерпаздар ең жоғары 50 балл жинап, фестивальдің ең үздік номерлерінің бірі ретінде қазылар алқасының шешімімен Гран-при иегері атанды.

Сонымен қатар үш би алтын, ал төртеуі күміс жүлде иеленді.

Ұйымдастырушылар Атыраудан барған өнерпаздардың дайындық деңгейі жоғары, қойылымдары ерекше әрі шынайы болғанын атап өтті. Балалардың қазақ мәдениеті элементтерін шын ықыласпен жеткізе білгені де жоғары бағаланды. Зал әр би нөмірін ықыласпен, жылы қошеметпен қарсы алды.

Айнұр САПАРОВА

4 шілде, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.