Атырау, 24 желтоқсан 14:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау маңындағы ауылда екі жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

789 рет қаралды
Сурет: freepik.com

Қайғылы оқиғалар Геолог ауылында бір күн айырмашылықпен орын алған. 

2 шілде күні жекеменшік үйдің ауласында 2010 жылы туған ұл бала асылып қалған күйінде табылды. Келесі күні, 3 шілдеде, тұрғын үйдің екінші қабатынан 2009 жылы туған қыз баланың мәйіті табылды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қайғылы жағдайлардың себептері әзірге белгісіз.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, екі жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, куәгерлерден жауап алынып, жасөспірімдердің ортасы зерттелуде. Оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жалғасуда.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Айгүл МАНСУРОВА

4 шілде, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.