
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Луис-Обиспо мен Риверсайд округтерінде тұтанған орман өрттері 22 мың гектардан астам аумақты қамтыды. Бұл туралы АА Калифорния орман және өртке қарсы күрес департаментіне (Cal Fire) сілтеме жасап хабарлады.
2 шілдеде Сан-Луис-Обиспо округінде басталған өрт шамамен 21 300 гектарға жайылып үлгерді. Қазірге дейін оның тек 10 пайызы ғана бақылауға алынды.
Ал Риверсайдтағы өрт 29 маусымда тұтанып, 1000 гектар аумақты шарпыды. Соңғы деректер бойынша, оның 65 пайызы сөндірілген.
Cal Fire өкілі Тони Дэвистің The New York Times басылымына айтуынша, өрт аймағында 50-ге жуық құрылыс нысаны қауіп төніп тұр, 208 адам эвакуацияланған. Оның айтуынша, бұл аумақ – шабындықтар мен қураған өсімдіктері бар ауылшаруашылық жерлері, сондықтан от тез таралуда.
Калифорния штатындағы Балық және жабайы табиғат департаментінің экологы Дэйв Хакер өрттің Carrizo Plains атты қорғалатын табиғи аймаққа да әсер еткенін айтты. Оқиға нәтижесінде бұл аумақта мекендейтін бұғылардың өмір сүру ортасы көп зиян шеккен.
В Атырау +4