
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 2024 жыл қорытындысы бойынша «ақылды қалалар» қалыптастыру көрсеткіштеріне бағалау жүргізді. Ең жоғары нәтижелерге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Өскемен қалалары қол жеткізген.
Бағалау нәтижесінде елімізде жергілікті әкімдіктердің жоғары технологиялық шешімдерді қолдану қарқыны артып келе жатқаны анықталды. Қалаларда мектеп оқушыларының үлгерімін бақылау жүйелері, электронды жолақы төлеу, қоғамдық көліктің нақты уақыттағы орналасуын анықтау жүйелері кеңінен қолданылуда. Поликлиникаға онлайн тіркелу мүмкіндігі бар, 109 байланыс орталығы арқылы коммуналдық мәселелер бойынша өтініш пен шағым беруге болады, бейнебақылау камераларының саны артып, қалалардағы қауіпсіздік деңгейі жақсарып келеді.
Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары түрлі салаларға белсенді енгізілуде. Абай, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында жасанды интеллект онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау үшін медициналық бейнелерді (рентген, флюороскопия, микроскопия, ЭКГ, маммография және т.б.) талдауға арналған жүйелерде қолданылады. Қарағанды мен Алматы қалаларында жол сапасын бағалау және цифрлық карта жасау үшін де осындай жүйелер енгізілуде.
Қазақстанның «ақылды» қалалар рейтингі:
-
Астана
-
Алматы
-
Қарағанды
-
Қостанай
-
Өскемен
-
Орал
-
Қызылорда
-
Павлодар
-
Талдықорған
-
Шымкент
-
Петропавл
-
Түркістан
-
Атырау
-
Қонаев
-
Ақтөбе
-
Көкшетау
-
Тараз
-
Семей
-
Жезқазған
-
Ақтау
В Атырау +1