Атырау, 7 желтоқсан 08:52
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда екі кәріз стансасында жаңартылып, іске қосылды

418 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау қаласында КСС-Жилгородок және КСС-40 - екі кәріз сорғы станциясы жаңғыртылып, толық іске қосылды.

Бұл жұмыстар қалада инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

КСС-Жилгородок - Н.Оңдасынов көшесінде,  

КСС-40 кәріз сорғы станциясы -  Азаттық даңғылы, 67-а мекенжайында орналасқан.

Бұл жобалар Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылды. Жауапты мердігер мекеме – “DAMU Qurylys Group“ ЖШС.

Қайта жаңғырту барысында кәріз станциялары заманауи, автоматтандырылған, жоғары өнімді сорғы жабдықтарымен толық қамтамасыз етілді. Бұл шешім ағынды суларды үздіксіз әрі сенімді түрде айдауға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, ауаға жағымсыз иістердің таралуын болдырмау мақсатында желдету және сүзгілеу жүйелері орнатылып, санитариялық-гигиеналық талаптарға сай жағдай жасалды. 

Бұған қоса апаттық жағдайлар үшін дизельді генераторлар орнатылып, электрмен үздіксіз қамтамасыз ету жолға қойылды.

Атырау Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай атап өткендей, басқару жүйесі автоматтандырылып, технологиялық процестердің тиімділігі мен қауіпсіздігі едәуір артты.

4 шілде, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.