Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Силлено» ЖШС басшысы тағайындалды

490 рет қаралды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Ол қызметке Мұхтар Авутбаев тағайындалды. 

«Силлено» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен компанияның бас директоры болып Мұхтар Авутбаев тағайындалды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров оны кәсіпорын ұжымына таныстырды. 

М.Авутбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, сондай-ақ И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша білім алған. 

2020 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялар және даму жобаларын басқару департаменті директоры болды, онда «Полиэтилен» жобасын қоса алғанда газ-химиясы саласына  жетекшілік етті.

Бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да бірқатар басшылық лауазымдарда, атап айтқанда барлау және өндіру активтерін басқару департаментінің директоры, корпоративтік қаржыландыру және инвесторлармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры болды. 

Сонымен қатар ҚМГ құрылымында бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры және жаңа жобаларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.  

Айта кетсек, «Силлено» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Жандос Қайргелді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялар және даму жобаларын басқару департаментінің директоры болып тағайындалды.

4 шілде, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.