
Каирде 1 қыркүйектегі жиында қабылдаған арнайы қарарда Араб лигасы елдері 21 тамызда Дамаск маңында "химиялық қаруды Сирия режимі қолданғанын" айтып, оған жауаптылардың барлығы жазалауға шақырған.
Осы жылдың басында Араб лигасындағы Сирияның орны Сирия оппозициялық күштерінің коалициясына берілген еді.
АҚШ президенті Барак Обаманың Сирияға қарсы әскери операция жасау туралы шешімі конгрестің мақұлдауынан өтуі тиіс. Обама мен оның айналасындағы бірнеше ірі шенеунік конгресті Сирияға шабуылды қолдауға шақырды.
Кейбір хабарларда конгрес мүшелерінің Обама айтқан қысқа мерзімдік шабуылдың қаншалықты тиімді боларын болжай алмай отырғаны айтылады. АҚШ-тағы қоғамдық пікір АҚШ Сирияға шабуылдау қажет және ол ұлттық мүддеге сай келеді дегенге күмән барын көрсетіп отыр.
АҚШ сенаты мен конгресс Обаманың шабуыл жасау туралы ұсынысын 9 қыркүйекте талқылай бастайды.
Дамаск маңында 21 тамызда химиялық қару қолданғаннан 1429 адам өлген. Бұл шабуыл үшін АҚШ-тың таққан айыбын Сирия билігі жоққа шығарып, АҚШ шабуылдай қалған жағдайда қорғанатынын ескерткен еді.
Дереккөз: azattyq.org
2 қыркүйек 2013, 12:30