Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Денсаулық сақтау министрі Мақат ауданына іс-сапармен келді

Сурет
631 рет қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында министр аудандық ауруханада болып, медициналық қызмет көрсету деңгейімен және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайымен танысты.

«Қазіргі таңда ауылдық медицинаға ерекше назар аударылып отыр. Президенттің тапсырмасымен елімізде инфрақұрылымды дамыту бойынша ұлттық жоба жүзеге асырылуда. Осы жобаның аясында 655 медициналық нысан бой көтеруде. Биыл оларды толық аяқтау жоспарлануда. Алайда, бұл жұмыс тоқтамай, әрі қарай жалғасуы тиіс», — деді министр.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Мақат аудандық ауруханасы атқарған жұмыстары бойынша үздіктер қатарында тұр. Ең бастысы — халыққа көрсетіліп жатқан қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы.

«Еліміздің ең үлкен байлығы — оның халқы, ал халықтың байлығы — оның денсаулығы», — деп сөзін түйіндеді Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы.
3 шілде, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.