Атырау, 7 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда таза ауызсу қалай үздіксіз беріледі?

Сурет
407 рет қаралды

"Атырау Су Арнасы" мекемесі қазіргі таңда тәулігіне шамамен 90 мың текше метр ауызсу өңдеп, облыс орталығы мен жақын маңдағы елді мекендердің сұранысын толық өтеп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Суды өңдеу Жайық өзенінен басталады. Маусым мен ауа райына байланысты табиғи судың лайлығы 28-30 пайыздан 80 пайызға дейін көтеріледі. Ауызсу тұтынушыларға жетер алдында бірнеше кезеңнен тұратын механикалық және химиялық тазарту процесінен өтеді. Нәтижесінде судағы лай мөлшері 0,5 пайызға дейін төмендеп, санитариялық талаптарға сай сапалы ауызсуға айналады.

- Қазір кәсіпорын құрамында төрт су тазарту станциясы жұмыс істейді. Оның біреуі жаңғыртудан өтуде. Біз суды бірнеше сатылы сүзгіден өткізіп, зертханалық бақылаумен үнемі сапасын тексеріп отырамыз, — дейді мекеменің бас технологы Жамиля Исағалиева.

«Атырау Су Арнасы» мекемесінде 150-ге жуық білікті маман еңбек етеді. Технологтар, лаборанттар, инженерлер және өндіріс процесіне жауапты мамандардың барлығы кәсіби қызмет атқарады. Кәсіпорын жұмысы толық автоматтандырылған жүйелерге көшу бағытында дамуда, бұл өндіріс тиімділігін арттырып, сапалы суды үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді.

3 шілде, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.