
АҚШ президенті Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маск арасындағы келіспеушілік қайта ушықты, деп хабарлайды Евронью́с.
Маск Трамптың жаңа бюджет туралы заң жобасын сынаған соң, президент оған қатты шүйлікті.
Трамп: “Егер мемлекет көмектеспесе, Маск баяғыда-ақ кәсібін жауып, Оңтүстік Африкаға қайтар еді”, – деді. Сонымен қатар ол Маскты арнайы тексеруге ұсынатынын және елден шығарып жіберу мүмкін екенін айтты.
Дональд Трамп:
"Білмеймін, мүмкін DOGE-ты Илонға қарсы қоямыз. DOGE деген – үлкен құбыжық, бәлкім, Илонды жеп те қояр. Қорқынышты, солай ма?"
DOGE – Үкіметтің шығындарын азайтумен айналысатын бөлім. Бұрын оны Маск өзі басқарған. Бірақ қызметтен кеткен соң, ол Трамптың жаңа заңын қатты сынап, егер бұл заң қабылданса, жаңа саяси партия құрмақ ниетін білдірген.
Маск бұл заң АҚШ экономикасына зиян келтіріп, миллиондаған адам жұмыссыз қалуы мүмкін дейді. Ал Трамп болса, Маск заңға электромобиль шығаратын компанияларға арналған жеңілдіктер алынып тасталған соң қарсы шықты деп есептейді.
Дегенмен, сәрсенбі күні Маск Трампты мақтап, оның әлемдегі бірнеше маңызды дағдарысты шешкенін атап өтті.
В Атырау +4