
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақжайық ауылы кіреберіс жолында орналасқан «Гаухар асханасы» және «Автомобиль газ құю бекеті» құрылыс жұмыстарының жобаға сәйкестігіне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.
Тексеруге әлеуметтік желіде жария етілген видео жазба бойынша, жеке тұлғаның арызы негіз болды.
Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы хабарлағандай, тексеру нәтижесінде құрылыс саласындағы Заң бұзушылықтар орын алғаны расталып, құрылысқа тапсырыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және анықталған бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.
Сонымен қатар заңсыз салынып жатқан құрылыс және құрылысы жобадан ауытқу арқылы саланып жатқан нысандарды анықтап, шара алу жұмыстары жалғасып жатыр деп атап өтті басқарма мамандары.
В Атырау +1