Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырауда әйелдер колониясында диплом тапсыру кеші өтті

426 рет қаралды
Сурет: Атырау облысы ҚАЖД

Алмагүл ықшамауданында орналасқан №79 түзеу мекемесінде колледж түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

Темір тордың артында, камера мен күзеттің арасында бір кеште қошемет пен ақжарма тілектер айтылды. Сотталған әйелдер дипломы бар маман атанды.

Түлектер аспаз, кондитер, тігінші және шаштараз сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуды аяқтады. Оқу процесі қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. Әр әйел теория мен тәжірибеден өтті және ең бастысы - өз жан-дүниесіндегі күйзелісті еңсерді.

- Іс-шара барысында көзге түскен сотталғандарға грамота мен алғыс хаттар табыс етілді. Түлектер оқудан алған әсері мен естеліктерімен бөлісіп, тәлімгерлеріне алғыс білдірді,- деп хабарлады Атырау облысы бойынша ҚАЖД.

Салтанатты шараға оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, мекеме қызметкерлері және шақырылған қонақтар қатысты. Үздік студенттер оқудағы жетістіктері мен колледж өміріне белсене қатысқаны үшін марапатталды.

Айгүл МАНСУРОВА

3 шілде, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.