Атырау, 7 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда мыңдаған бұралқы иттің көзі жойылды

392 рет қаралды

Атырау облысында жыл басынан бері 3700-ге жуық бұралқы ит ауланған. Олардың 3556-сы эвтаназия әдісімен жойылды.

Бұл статистиканы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы "Ақ Жайық" басылымының сауалына жауап ретінде жария етті. Ведомствоның мәліметінше, тек 111 жануар стерилизация мен вакцинациядан өтіп, адамға қауіп төндірмейтін болғасын қайтадан мекендеу ортасына жіберілді. Қалғандары қауіпті немесе бос қоюға болмайды деп танылды.

- Бұралқы жануарлардың көбеюін тоқтатудың тиімді жолдарының бірі - оларды биостерилизациялау және есепке алу жүйесін дамыту. Бұл адамгершілікке жатады және қауіпсіз. Бірақ әзірге ауланған иттің көбінің көзі жойылады, - деп түсіндірді басқарманың бас маманы Ықылас Азаматов.

Оның айтуынша, өткен жылы өңірде 23 мыңнан астам ит ауланған. 2025 жылы иесіз жануарлардың саны азайғанымен, жағдай әлі де алаңдатып отыр. 

Жануарларды аулау, эвтаназия және ветеринарлық өңдеу жұмыстарын мердігер ұйымдар жүргізеді.

Мамандар жануарлармен жұмыс істеген кезде заң талаптарының, қауіпсіздік нормаларының және адамгершілік қарым-қатынас қағидаларының қатаң сақталуы қажеттігін атап өтеді. Дегенмен, жануарларды қорғаушылардың стерилизация тәжірибесін кеңейтуге шақыруына қарамастан, қазіргі жағдайда эвтаназия негізгі шара болып қала береді.

Айгүл МАНСУРОВА

3 шілде, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.