Атырау, 31 наурыз 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 448.05
€ 486.58
₽ 5.82

Бесланда теракт құрбандарын еске алды

2 214 просмотра
№ 1 мектептегі терактіден құрбан болған марқұмдарды еске алу шарасы. Беслан, 3 қыркүйек 2012 жыл. № 1 мектептегі терактіден құрбан болған марқұмдарды еске алу шарасы. Беслан, 3 қыркүйек 2012 жыл. Солтүстік Осетияның Беслан қаласында жергілікті тұрғындар 1 қыркүйек күні № 1 мектепте болған теракт құрбандарын еске алды. 2004 жылы террористер кесірінен қаза тапқан адамдар 1 қыркүйек пен 3 қыркүйек аралығында осы мектепте тұтқында болды.

Террористер мен арнайы жасақ арасындағы ұрыста содырлар кепілге алған 334 адам қаза тапты. Олардың көбі балалар еді. Кепілге ұсталған 800-ден астам адам жараланды.  

Еске алу шарасы 1 қыркүйек күні таңертең мектеп ауласында қоңырау қағумен басталып, үш күнге созылмақ.

Беслан қаласында 37 мың адам тұрады. Мұнда қоғамдық тәртіпті мың жарым полиция қызметкері қадағалайды.
 
Дереккөз: azattyq.org
2 қыркүйек 2013, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.