Атырау, 7 желтоқсан 08:51
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауға егіннің алғашқы өнімдері жеткізілді

360 рет қаралды

Махамбет ауданының егіншілері алғашқы егістік өнімдерін халыққа ұсынып жатыр.  Күні бүгінде төрт шаруашылық: Абай, Дастан, Агрофеликс, Қ. Медеуов ерте шығатын тәтті бұрыш, қырыққабат, қияр, қызылша, баялды, кабачок дақылдарын сатылымға шығарды. 

Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Олжас Мырзабаевтың айтуынша, шілде айының үш аптасында бақша дақылдарын жаппай шығару жоспарланып отыр. Жалпы ауданда 71 шаруашылық 200 га картоп, 700 га көкөніс, 530 гектарға бақша және 2700 мал азығын еккен еді. Жаңа техногияларды енгізу арқылы жаңбырлатып суару арқылы 970 гектар, тамшылатып суару 1500 гектарға жеткізілген. 

Күні бүгінде қиярдың әр килограмы 125-150, қырыққабат 130-150, баклажан 300, қызылша 250, тәтті бұрыш 400 теңгеден сатылуда. 

Егіншілерге егін өнімдерін сату үшін Атырау қаласындағы "Дина" базарынан арнайы орын бөлініп отыр. Сондай-ақ өнім көбейген сайын бағасы да төмендейді деп уәде берді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 шілде, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.