
1 шілде күні күндіз су полициясының екі кемесі Жайық өзені бойымен – құтқару бекетінен орталық көпірге дейін және кері қарай баяу жүріп өтті.
Сырт көзге бұл рейдтен гөрі жай серуенге көбірек ұқсады.
Полиция департаменті түсіндіргендей, бұл – жоспарлы патрульдеу, оған балық аулау торларын тексеру де кіреді. Формалды түрде – бәрі регламентке сай. Алайда қала тұрғындарының көкейінде сұрақ бар: дәл осы өзен учаскесінде мұндай форматтағы тексерулер қаншалықты тиімді?
Өйткені белгілі болғандай, мұндай аумақтарда балық инспекторлары көбіне өзенді жағалап, тайыз жерлермен жаяу жүріп-ақ тексеріп шығады.
Оның үстіне бұл учаскенің тереңдігі де осындай әдіске қолайлы. Ал катермен шолудың нәтижелілігі әзірге күмән тудырады. Шынында да балық аулау торлары тексерілді ме, ол жағы белгісіз. Бірақ рейд бағыты тұрғындардың назарынан тыс қалмады.
Ауа райының ыстығы мен бюджетке түсетін шығын көбейген кезде мұндай рейдтер қоғамда екіұдай пікір тудырады.
Адамдар: «Мұндай патруль нақты нені бақылап жүр және ол қаншалықты орынды?» деген сұрақ қояды.
Айнұр САПАРОВА
Видеоны түсірген автор
В Атырау +1