Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Атырау облысында иттің қабуы жиілеп кетті

462 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматы облысында бұралқы иттердің шабуылы тіркелді. Осы жолы 10 жастағы баланы иттер талап тастаған. Бұл оқиға қоғамда тағы да алаңдаушылық тудырды.

Атырау облысында бұл мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді, бірақ көшелердегі жағдай өзгермей тұр: қаңғыбас иттер топталып жүреді, ал кейбір асыранды иттер ауыздықсыз жүре береді. Соның кесірінен балалар мен ересектерді қапқан оқиғалар жиілеген.

Адамдар аурузанаға жүгініп, полицияға арыз жазып жатыр, бірақ нақты нәтиже жоқтың қасы.

Иттер - көшеде, адамдар - ауруханада

Иттер мектеп маңында, ойын алаңдарында, тіпті аулада да шабуыл жасайды. Бірі – қаңғыбас, бірі – асыранды ит деп есептеледі, бірақ оларда құжат та, чип те, қарғыбау да жоқ. Иелері де жауапкершілік алмайды.

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында құтырмаға қарсы көмекке 216 адам жүгінген.

— Олардың ішінде 76 адам қаңғыбас иттерден, 47-сі қаңғыбас мысықтардан, 41-і асыранды иттерден, 40-ы үй мысықтарынан зардап шеккен. Тағы бес жағдай ауыл шаруашылығы жануарларымен байланысты. Салыстыра кетсек, 2024 жылдың толық көлемінде мұндай 392 жағдай тіркелген, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Ақ Жайық» сауалына жауап ретінде.

Егер бұл үрдіс сақталса, биыл жаңа антирекорд орнауы мүмкін.

Полиция: арыз көп, іс жоқтың қасы

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жартысында жануарлардың шабуылына байланысты 82 арыз тіркелген.

Бірақ мәселенің екінші жағы да бар. Атырау облысында жануарлардың өзі қатыгездік құрбанына айналатын жағдайлар жиі тіркеледі. Сол полиция деректеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші жартысында ҚР ҚК-нің 316-бабы («Жануарларға қатыгездікпен қарау») бойынша бар болғаны үш қылмыстық іс қозғалған, алайда олардың барлығы тоқтатылған.

Егер жәбірленуші — жай ғана ит болса, әділдікке қол жеткізу тіпті қиын.

Ал енді адамдарға қайта оралсақ: көптеген жәбірленуші полицияға арыз түсіргенімен, кейін өздері қайтарып алады. Бұған түрлі себеп бар — ит иелерінің қысымы немесе істің сотқа жететініне сенбеушілік.

Жылдар бойы жүйелі шешімсіз

Бұл жағдай жаңалық емес. Соңғы жылдары болған бірнеше резонансты оқиға ғана:

  • 2020 жылдың қарашасы, Жұлдыз ықшам ауданы: төбелеске үйретілген ит бір баланы қауып алды.

  • 2021 жылдың желтоқсаны, Дамбы ауылдық округі: қаңғыбас иттер 13 жастағы қызға шабуылдады.

  • 2022 жылдың мамыры, Азаттық көшесі: қаңғыбас ит 5 жасар қызды қауып, оның бетінде тыртықтар қалды.

  • 2023 жыл, Авангард-2 ықшам ауданы: бір ер адам стаффордшир тұқымдас итін адамдарға айдап салды. Нәтижесінде тұрғын мен полицейлер зардап шекті.

Арыз-шағым көбейіп, жыл сайын бақылау күшейтіледі деген уәде берілгенімен, жауапкершілік жағы әлі де нақты емес. Ветеринарлық қызмет, әкімдік, полиция мен ит иелері бір-біріне сілтеп, «бұл біздің құзыретімізге кірмейді» деген жауаппен құтылады.

Проблема жүйелі түрде шешілмейінше — агрессивті иттер оқшауланып, олар тіркеуге алынып, иелеріне нақты талап қойылмайынша, бұл проблемаға шын мәнінде қарсы тұрып жатқан тек дәрігерлер ғана болып тұр.

Айгүл МАНСУРОВА

2 шілде, 18:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.