Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Атырауда спутник арқылы 27 заңсыз қоқыс алаңы анықталды

436 рет қаралды
Сурет: Атырау облысы бойынша экология департаменті

Спутниктік түсірілімдер арқылы Атырау облысының аумағынан рұқсатсыз қалдықтар тасталған орындардың 20-сы Атырау қаласының, ал 7-і Махамбет ауданының аумағында орналасқаны анықталды.

Осыған байланысты 1 шілде күні Атырау облысы бойынша экология департаменті «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің коммуналдық қызметкерлерімен бірлесіп, рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында Сарыөзек ықшамауданы маңындағы бірнеше заңсыз қоқыс алаңы арнайы техниканың көмегімен тазартылды. Оған үш техника мен коммуналдық қызметкерлер жұмылдырылды. 

Экология департаментінің мәліметінше, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен облыстық Полиция департаменті өкілдерімен бірлескен рейдтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл шаралардың мақсаты - заңсыз тұрмыстық қалдық тастаушыларды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту. 

– «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ спутниктік жүйе арқылы анықталған барлық 27 орын бойынша жергілікті атқарушы органдарға тазалау жұмыстарын жүргізу туралы хаттар жолданды, – деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 шілде, 01:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.