
АМӨЗ-дің санитарлық қорғау аймағының түпкілікті шекарасын және атмосферадағы ластаушы заттардың деңгейін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Мониторинг фотометриялық, электрохимиялық, хроматографиялық және дозиметриялық әдістерді қолдану арқылы жүргізілуде. Зерттеу барысында азот диоксиді, күкіртсутек, бензол, метилмеркаптан және басқа да ластаушы заттардың концентрациясы өлшенеді.
Сонымен қатар шу, діріл, жарық әсері, электромагниттік сәуле және радиациялық фон деңгейлері тіркеледі.
Мониторинг жұмыстары 2026 жылдың көктеміне дейін жалғасады.
В Атырау +4