Атырау, 5 желтоқсан 08:22
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Баку неліктен Мәскеуге қарсы?

338 рет қаралды

Ресейдің Екатеринбург қаласында азірбайжан диаспорасының өкілдері ресейлік құқық қорғау органдарының қолынан ұсталып, соққыға жығылғаннан кейін, Баку жауап қайтаруға мәжбүр болды. Бұл туралы УНИАН материалында.

Алғашында Әзірбайжанда Ресей қатысатын барлық мәдени шаралар тоқтатылды, кейін ресейлік «Спутник» агенттігінің офисіне Әзірбайжан арнайы операция жүргізді. Одан соң Әзірбайжан прокуратурасы ресейлік құқық қорғаушыларға қатысты, олардың әрекеттері екі әзірбайжан азаматының өліміне әкелгені үшін қылмыстық іс қозғады.

Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қатынастар бұрыннан шиеленіскен болатын. Қазір болып жатқан оқиғалар Ресейдегі этникалық әзірбайжандардың ресейлік құқық қорғаушылар рейдтерінің бірінде қаза табуына байланысты. 

Сондай-ақ, шиеленіс Ресей үстінен ұшқан әзірбайжан ұшағы құлаған сәттен басталған. Баку Мәскеуден кінәні мойындап, кешірім сұрауды талап етті, бірақ ол жүзеге аспады.

Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс та назар аударуға тиіс. Ресей ресми түрде екі жаққа да көмектескенімен, көбінесе Арменияны қолдады.

Сонымен қатар, Бакудің Ресейдің ішкі саясатындағы мұсылмандарға қатысты ұстанымына да көңілі толмайды.

Барлық осы факторлар Әзірбайжанның Ресейдің өңірдегі әрекетіне нақты жауап қайтаруын туғызды.

Ресей посткеңестік кеңістікте өз үстемдігін сақтап қалғысы келеді. Сондықтан Украинада соғыс жүріп жатыр, Грузияда қақтығыс болды, Приднестровье, Оңтүстік Осетия, Абхазияда да тұрақсыздық бар.

Болашақта Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қатынастар күрт нашарламайды деп болжануда. Себебі Әзірбайжанның артында Түркия тұр.

Түркиямен Ресейдің күрделі қарым-қатынасын да ескеру керек: «помидорларға» тыйым салу мен сөзбен айтысудан басқа нәтиже жоқ.

Сондай-ақ, Кремль сыртқы саясаттағы өзгерістерге ғана емес, ішкі реакцияға да мән беруі керек, ал қазіргі жағдай екі жақтың да жақындасуына септігін тигізбейді.

Ұзақ мерзімді перспективада Ресейдің мұсылмандарға қарсы ішкі саясаты Әзірбайжан үшін маңызды мәселе болып қала береді. Ресейдің империялық колониалдық саясаты Кавказдағы жағдай шиеленіскен кезде көршілерінің Мәскеуді емес, мұсылман елдерін қолдауы ықтимал.

2 шілде, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.