
АҚШ-та Калифорния штатының бас прокуроры Роб Бонта басшылық ететін 20 штат Трамп әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік министрлігіне және иммиграциялық қызметке (ICE) азаматтардың медициналық деректеріне шектеусіз қолжетімділік беру туралы шешіміне қарсы сотқа жүгінді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Калифорния прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған шешім АҚШ-тың жеке деректерді қорғау заңдарын бұзып, азаматтардың медициналық қызметке, соның ішінде шұғыл көмекке жүгінуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Роб Бонта жетекшілік еткен коалиция сот арқылы бұл шешімнің заңсыз екенін дәлелдеп, оның күшін жоюды талап етеді.
Бұл талап арыздан бөлек, Калифорния бұған дейін Лос-Анджелесте болған тәртіпсіздіктерді тоқтату мақсатында Ұлттық гвардияны енгізуге қарсы да сотқа шағымданып, аталған әрекетті заңсыз деп танытқан болатын.
Қазіргі уақытта бұл іс федералды сотта қаралып жатыр және оның нәтижелері АҚШ-тың жеке құқықтары мен мемлекеттік қауіпсіздік шаралары арасындағы балансты айқындауда маңызды рөл атқарады.
В Атырау +4