Атырау, 7 желтоқсан 08:56
 бұлттыВ Атырау +1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 44 адам жазаланды

Бейнежазба
472 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау облысында 2024 жылғы жазғы шомылу маусымына 46 су айдыны ресми түрде рұқсат алғанымен, көктемгі су тасқыны салдарынан өзен-көл арналарының өзгеруі себепті 41 су айдынының ашылуы кейінге шегерілді.

Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жергілікті билік пен Төтенше жағдайлар департаменті 266 тыйым салу белгісі мен 12 ақпараттық стенд орнатып, 70 қауіпті су айдынын анықтады.

— Шомылуға дайындық пен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру жұмыстары жалғасуда. Рейдтер барысында шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу және балалардың ересектердің қарауынсыз шомылуы жиі тіркелуде, — деді Атырау облысы ТЖД басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дарын Ануарбеков.

Қауіпсіздік ережесін бұзған 44 адамға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі таңда 150-ге жуық қызметкер су айдындарын күн сайын бақылауда ұстап, бұл жұмыстар полиция мен ерікті топтармен бірге ұйымдастырылуда.


2 шілде, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.