Мысырдың экс-президенті Мохаммед Мурсиді кісі өліміне арандатушылық зорлық-зомбылық актілері мен бандитизм үшін соттайды, деп хабарлайды РБК.
Reuters елдің мемлекеттік прокуроры Хешам Баракатқа сілтеме жасай отырып, бұрынғы мемлекет басшысының ісі қылмыстық істер жөніндегі сотқа берілгенін хабарлайды. Осы айып бойынша М.Мурсиден өзге «Мұсылман бауырлар» ислам ұйымының 14 мүшесі де сот алдында жауап береді.
3 шілдедегі көтеріліс кезінде әскери қолбасшылық тақтан құлатқан М.Мурси биліктен аластатылғаннан бері қамауға алынды. Қазір ол Каирге жақын жерде орналасқан «Тора» абақтысында қамауда. «Мұсылман бауырлар» ұйымының көшбасшысы Мохаммед Бади де осы түрмеде жатыр. Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мубарак та өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын дәл осы түрмеде өт еген болатын.
М.Мурси тақтан тайдырылғаннан бері экс-президенттің жақтастары ірі қарсылық акцияларын ұйымдастырып, оның салдарынан көптеген адам көз жұмды. Сол себепті елде төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағат енгізілді.
Дереккөз: bnews.kz