
Иран президенті Масуд Пезешкиан Меджлиспен қабылданған Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (ХАЭА) ынтымақтастықты тоқтататын заңға қол қойды. Бұл туралы АА хабарлайды.
Заң 25 маусымда қабылданып, Израиль мен АҚШ-тың соңғы шабуылдарына және ХАЭА-нің осы әрекеттерді айыптамауына жауап ретінде әзірленген.
Құжат үкіметке агенттікпен толық ынтымақтастықты тоқтатуды міндеттейді, инспекторлардың Иранға кіруіне тыйым салады және барлық тексерулерді тоқтатады.
Сонымен қатар, үкімет агенттік басшысы Рафаэль Гроссиді «жасырын тыңшы» деп танып, онымен де жұмыс істеуге тыйым салды.
Заң Вена конвенциясының 60-бабына сәйкес, Иранның суверенитеті мен ядролық қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда ғана күшін жояды.
Үкімет бұл заңның орындалуы туралы Мәжіліс пен Ұлттық қауіпсіздік кеңесіне тоқсан сайын есеп беруге міндетті.
В Атырау +4