Атырау, 5 желтоқсан 08:39
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Маңғыстаудағы Сайөтес учаскесінде Қытай компаниясы бұрғылау жұмысын бастады

445 рет қаралды
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Компания «Sinopec International Energy Investment Holdings Netherlands B.V.» Маңғыстау облысындағы Сай-Өтес учаскесінде 5500 метр тереңдікте C-1 іздестіру ұңғымасын бұрғылауды бастады.

Бұрғылау жұмыстарының басталуына Энергетика министрлігінің департамент директоры, Сай-Өтес ауылдық округінің әкімі және Қазақстандағы Sinopec компаниясының өкілдері қатысты.

Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Компания 2023-2024 жылдар аралығында ауқымды далалық іздестіру жұмыстарын орындады, соның ішінде көлемі 1006,74 км болатын, 5500 метр тереңдікке дейін жүргізілген 2D далалық сейсмикалық барлау жұмыстары да бар. Нәтижесінде таскөмір дәуіріне жататын алты тұзақ анықталып, учаскенің болашағы бар геологиялық ресурстары бағаланды, сондай-ақ тереңдігі 5000 метрден асатын екі жобалық ұңғыманың орналасқан жері айқындалды.

C-1 ұңғымасын бұрғылауға жоспарланған шығындар 4,7 миллиард теңгені құрайды.

Сай-Өтес учаскесінде терең барлау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы өңірдің геологиялық зерттелуі үшін маңызды оқиға болып табылады.


2 шілде, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.