
Атырау облысындағы "Құрманғазы" шекара бекетінде Ресейге кіретін ондаған жүк көлігі мен рейстік автобустардан ұзын-сонар кезек пайда болды.
Бұл туралы бұған дейін "Ақ Жайық" хабарлаған болатын.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар кезекшілік атқарып жатыр. Олар тәртіпті қадағалап, жүргізушілерге кеңес беріп, келіспеушіліктің алдын алуға көмектесіп, көлік қозғалысын бақылайды.
"Ресей Федерациясына апаратын бірқатар шекара бекетінде 30 маусымнан бастап жүк көліктерінің кезегі пайда болды. Оған жақында күшіне енген Ресей аумағына кірудің жаңа талаптары себеп болған ", - деп хабарлады ҚР ІІМ.
Жүргізушілерден сабырға келіп, тәртіпті сақтауды және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды. Кезекті реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 2025 жылдың 30 маусымынан 2026 жылдың 30 маусымына дейін Ресейде Қазақстанды қоса алғанда, визасыз режимдегі елдердің азаматтары үшін сапарды цифрлық тіркеу бойынша эксперимент басталды.
Айгүл МАНСҰРОВА
В Атырау +1