Атырау, 23 қараша 17:33
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

А.Меркель: ГФР Сирияға БҰҰ-ы немесе НАТО-ның мандатынсыз шабуыл жасамайды

1 530 просмотра

ГФР канцлері Ангела Меркель, Германия БҰҰ-ымен НАТО-ның арнайы мандатынсыз Сирияға қарсы әскер операцияға қатыспайды, деп мәлімдеген. Бұл туралы ол үкімет басшысы қызметіне сайлауда басты қарсыласы социал-демократ Пеер Штайнбрюкпен дебатта мәлімдеген, деп хабарлайды Deutsche Welle телеарнасы.

А.Меркель Сирия дағдарысы Санкт-Петерборда өтетін G20 саммитінде талқыланатынын атап өткен. Канцлер Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу үшін (АҚШ Конгресінде Сирия мәселесін қарау) бірнеше күн бар екендігін атап кеткен. 

А.Меркель қарсыласы социал-демократ П.Штайнбрюкте Германияның әскери операцияға қатуысыун айыптады. 

Бұған дейін Дамаскіге қарсы шабуылға ГФР қатыспайтыны жөнінде елдің СІМ Гидо Вестервелле мәлімдеме жасаған болатын.

АҚШ президенті Барак Обама Сирия қарсы шабуыл жасауға дайын екендігін мәлімдеген. Бұл мәселе 9 қыркүйекте Конгресте талқыланады. Бұл туралы Б.Обаманың әскери операцияны заң шығарушылардың келісімінсіз бастауға құқығы бар. Америка жетекшісінің ұстанымын Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон және Франция президенті Франсуа Олланд қолдап отыр. Бұған дейін белгілі болғандай, НАТО-ға мүше 12 мемлекет те әскери операцияға қатысудан бас тартқан. 

Сириядағы үкімет басшысы Б.Асад телеарнада мәлімдемесінде ел сыртқы әскери шабуылға тойтарыс беруге мүмкіндігі бар екендігін айтып өткен.

Дереккөз: bnews.kz

2 қыркүйек 2013, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.