
«Өзенмұнайгаз» АҚ-да («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) 150 адамға есептелген әкімшілік-өндірістік корпустың және 65 адамға арналған шаруашылық-тұрмыстық корпустың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
Екі ғимарат та қызметкерлердің ыңғайлы әрі лайықты еңбек және тынығу жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында №5 Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасына қарасты көлік бөлімшесінің жұмысшыларына арналған. Осылайша компания еңбекті қорғау мен әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарын ұстанатынын көрсетеді.
Нысандардың құрылысына шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс және әрлеу жұмыстары аяқталды, енді сыртқы инженерлік желілер салынып жатыр. Ғимараттар 2025 жылдың соңына дейін беріледі деп жоспарланып отыр.
В Атырау +4